Integra Construction KZ филиалдары 2022 жылғы жазғы теміржол жолдардын күрделі жөндеу бойынша жұмыстарының басталуына белсенді дайындалуда
Ұйымдастырушылық-техникалық дайындықпен қатар инженерлік-техникалық қызметкерлерді өндірістік оқыту жүргізілуде. Наурыз айында Оңтүстік дирекцияда алғашқылардың бірі болып ішкі оқыту өткізілді.
Бағдарлама пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, темір жолды жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен технологияны ұғыну, өнеркәсіптік қауіпсіздікке, заңнамалық, нормативтік талаптарға, еңбек қатынастарына және т.б. бағытталған.
«Жазғы-жол жұмыстары басталар алдында білімді жаңартып және тәжірибелерімен алмасу маңызды. Темір жолдағы орташа буын басшылары өндірістік процесті бақылап қана қоймай, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауап береді және жаңадан қабылданған қызметкерлерге тәжірибе береді. Бұл белгілі бір тәжірибе мен білімді талап ететін үлкен жауапкершілік», - деп атап өтті Оңтүстік дирекцияның Атқарушы директоры Қазыбек Тұржанов.
Оқу-тәжірибелік сабақтары бір апта бойы «Жетіген» жол машина станциясы базасында өтті. Оқытуға «Жетіген», «Үштөбе», «Жарық» жол машина станцияларының, сондай-ақ «Жаңаарқа», «Құмшағал» және «Арыс» өндірістік базаларының 30 орташа буын бастықтары қатысты.
Барлық қатысушылар теориялық және практикалық оқу курсынан өтті, сондай-ақ жұмыс өндірісі кезеңінде әрқашан қол астында болатын арнайы әзірленген әдістемелік материалдарды алды.