Жалпы жер аумағы: 4 822,7 м²
Ғимараттың жалпы алаңы: 7 137,8 м²
Аталған мектептің құрылысы 2023 жылғы жер сілкінісінен кейінгі гуманитарлық көмек аясында жүзеге асырылуда.
Жоба Қазақстан Республикасының "KazAID" Халықаралық даму агенттігі" ұлттық оператор акционерлік қоғамының қолдауымен іске асырылып отыр.
Жалпы құрылыс жұмыстарының бас мердігері – «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.Құрылыс барысында сейсмикалық тұрақтылықтың халықаралық және жергілікті стандарттарының талаптарын қатаң сақтау басты назарда.
Жоба аясында 32 бастауыш сынып және 4 мектепке дейінгі даярлық сыныбына арналған заманауи оқу орны салынуда.