Жылдық өткізу қабілеті: 240 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквиваленттегі контейнер)
Каспий теңізінің жағалауында халықаралық контейнерлік хабтың құрылысы жүргізілуде. Жоба Ақтау порты арқылы контейнерлік жүктерді өңдеу және жөнелту бойынша толық қызмет көрсетуге бағытталған. Хаб Каспий маңы елдері мен Орта Азия мемлекеттеріне қызмет көрсететін болады.
Жұмыс көлемі:
Жалпы жер телімінің ауданы: 19,2 га
Жобаның инфрақұрылымына мыналар кіреді:
• 0,5 км станциялық тұйық жолды қайта жаңарту;
• екі қосалқы жол және тоғыз тиеу-түсіру жолын (жалпы ұзындығы 5,9 км) салу;
• тоғыз дана бағыттамалы бұрмалар (стрелкалық аударғыштар);
• әкімшілік-тұрмыстық корпус;
• орталық бақылау-өткізу пункті және қосымша бақылау-өткізу бекеттері;
• контейнерлерді жөндеу және сертификаттау алаңы;
• кедендік аймақ;
• қауіпті жүктерді сақтау алаңы;
• жүктерді қайта тиеу (перетарка) алаңы;
• қайта тиеу және қысқа мерзімді сақтау қоймасы;
• контейнерлік алаңдар.