Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Жаңа тұрғын үй кешені
| Жаңалықтар

Жаңа тұрғын үй кешені


InCon KZ компаниясы Шымкент қаласының жаңа Бозарық шағын ауданында тұрғын үйлердің құрылысын жалғастыруда. Жұмыс қызу жүріп жатыр, екінші қабатын көтеріп жатырмыз

Болашақ кешен бес қабатты тоғыз үйден (блокты секцияларды) қамтиды. Жоба бойынша 360 пәтер қарастырылған: бір бөлмелі 90-пәтер, екі бөлмелі 90-пәтер және үш бөлмелі 180-пәтер.

«Тұрғын үй кешені қаланың дамып келе жатқан, заманауи келешегі бар аудандардың бірінде орналасқан, тұрғын үйдің қасбеті тартымды және функционалды жайғасымы бар. Біз жобаны мүмкіндігінше тиімді және уақытында жүзеге асыру үшін бар күш-жігеріміз бен тәжірибемізді саламыз», - деп атап өтті InCon KZ Шымкент қаласындағы филиалының директоры Батырбек Әшірбаев.

InCon KZ Қазақстанның үшінші мегаполисінің дамуына үлес қосқанын мақтан тұтады. Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр. Жұмысты 2022 жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің командаға сәттілік!

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz