Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Телім дайындығы 60%-дан жоғары
| Жаңалықтар

Телім дайындығы 60%-дан жоғары


2019 жылы InCon KZ Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы өтетін «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық тас жолының 1492,4-1855 км «Қарағанды – Балқаш» Орталық-Оңтүстік дәлізі телімін қайта жаңарту бойынша жұмыстарын бастаған болатын

«Ақсу-Ақсу-Аюлы» 3-ші телімі1578-1620 км. Ақсу-Аюлы ауылы Қарағанды облысының оңтүстігінде Шет ауданында орналасқан және оның әкімшілік-экономикалық орталығы болып табылады.

«Учаскенің жалпы ұзындығы 42,2 шақырымды құрайды. Жұмыс бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Объект 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Осы кезеңде магистральдық жолдың бойында 20 су өткізгіш құбырды, тіректер мен қиылыстарда 16 құбырды орнату жұмыстары аяқталып, алты ауылшаруашылықта құрылғы орнатылды. Көктал көпіріндегі жұмыстар 90 пайызға, Шерубайнұра көпіріндегі жұмыстар 60 пайызға орындалды. Оң жағына 29,20 шақырым, сол жағына 17,26 шақырым асфальтбетон жабынының төменгі қабатын орнату жұмыстары аяқталды.

Бүгінгі таңда жол учаскесі 60 пайыздан астам дайын. Инертті материалдар мен темірбетон бұйымдарын шығару жалғасуда», - деп жоба жетекшісі Ержігіт Найманбаев хабарлады.

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz