Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Президент Талдықорған қаласындағы жаңа шағын ауданға барды
| Жаңалықтар

Президент Талдықорған қаласындағы жаңа шағын ауданға барды


Мемлекет басшысы Жетісу облысының орталығында салынып жатқан жаңа шағын ауданда болып, құрылыс барысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа шағын ауданда 41 тұрғын үй салынып жатқаны жөнінде баяндалды.

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің айтуынша, осы шағын ауданда былтыр аумағы 44,1 мың шаршы метр болатын 509 пәтерлі 14 үйдің құрылысы аяқталған. Ал биыл жыл соңына дейін 783 пәтерлі тағы 21 үйді аяқтау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін 783 пәтерлік тағы 21 үйдің, 2024 жылы 218 пәтерлік қалған 6 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.Жаңа шағын аудандарда алдағы уақытта 28 мыңнан астам адам тұрады деп болжам жасалып отыр. Бұл - қала халқының 14 пайызы.

Сондай ақ, integra Construction KZ жаңа шағын аудандарды абаттандыруға да өз үлесін қосуда. Компания оңтүстік-батыс тұрғын ауданында (№8 және №9) жол-құрылыс жұмыстарын орындау бойынша бас мердігері болып табылады.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz