Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдар құрылысының басталуы
| Жаңалықтар

Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдар құрылысының басталуы


17 қарашада Балқаш қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан «Достық – Мойынты» т/ж учаскесінің екінші жолдарының құрылысын бастау салтанатты рәсімі өтті.

Негізгі мақсат-Қазақстан аумағы бойынша Қытай-Еуропа-Қытай теміржол транзиттік дәлізінің өткізу қабілетін арттыру.

Құрылыс барысында 2025 жылға дейін, атап айтқанда, 836 шақырым негізгі жолдар салынады, 396 жасанды құрылыстар, оның ішінде 14 өткел және екі жаяу жүргіншілер көпірі салынады.

Жобаның бас мердігері – «Integra Construction KZ» ЖШС Қазақстандағы ірі темір жол жөндеу және құрылыс компаниясы.

Айта кетейік, рәсім барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Асханұлы Смайыловпен телекөпір өтті, ол жоба бойынша рельс-шпал торының бірінші буынын төсеуге бастама берді. Іс-шараға «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ, жобалау компаниясының, бас мердігердің және қосалқы мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Баршаңызды жаңа үлкен жобаның басталуымен құттықтаймыз!

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz