Жолды күрделі жөндеу бойынша жалпы көлемнің шамамен 89% - ын Солтүстік, Оңтүстік және Батыс дирекция ұжымдары 2022 жылы жұмыс басталғаннан бері орындады.
Тамыз айын позитивтік толқынмен аяқтаймыз. 24 тамызда Солтүстік Дирекция «Аманқарағай - Құсмұрын – Қойбағар» учаскесінде финалдық технологиялық «толазкесі» өткізді. Қостанай жол бөлімшесі үшін 1,5 км жол салынды. 63,9 км т/ж сауықтыру жоспары орындалды.
30 тамызда ҚР Конституциясы күні Оңтүстік дирекция «Қызылжар-Түйемойнақ» учаскесінде 1,4 шақырым жолды төсеуді аяқтады. Қарағанды жол бөлімшесі үшін «Жарық-Разъезд17», «Разъезд17 – Разъезд33», «Қызылжар – Түйемойнақ» аралықтарында жоспарланған 48 шақырым темір жол жөнделді.
Филиал командаларын құттықтаймыз және жұмыстардың сәтті аяқталуын тілейміз!