ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы үлкен өзенінің жоғарғы ағысындағы (Аюсай өзенінің сағасынан төмен) селден қорғау бөгетіне барды.
Бөгет салынып жатқан жерде «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қайрат Бекенов министрге нысананың аяқталып, тапсыруға дайындалып жатқаны туралы хабардар етті. Жоба «Қазселденқорғау» ММ, авторлық және техникалық қадағалау тарапынан мұқият бақылаумен жүзеге асырылды.
Бөгеттің биіктігі 40м - ден асады, селқорғау қойманың көлемі - 2,3 млн м3. Бөгет сел тасқынынан болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік береді және Алматының Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан тұрғылықты халықты және объектілерді қорғауға қамтамасыз етеді. Жобаның бас мердігері «Integra Construction KZ» ЖШС болып табылады, және де оның жауапты өкілдері министрдің объектіге сапарын ұйымдастыруға қатысуға ат салысты.
Фото: integra Construction KZ және ҚР ТЖМ баспасөз қызметі