Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Еңбекті қорғау бойынша төрт күндік семинар
| Жаңалықтар

Еңбекті қорғау бойынша төрт күндік семинар


Алматыда еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамалық пен нормативтік актілері мен сондай-ақ ҚР жаңа экологиялық кодексінің талаптарын зерделеу бойынша төрт күндік семинар өткізілді.

Оқытуға орталық аппарат, Оңтүстік, Батыс және Солтүстік дирекциялары, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар бойынша дирекциясы қызметкерлерін қоса алғанда, 15 адам қатысты.

"Компанияда Денсаулық сақтау және еңбекті қорғау маңызды орын алады. Басшылық пен қызметкерлер тарапынан ережелерді елемеу жарақатпен аяқталуы немесе қызметкердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Семинардың мақсаты теориялық білімді жаңарту ғана емес, сонымен қатар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша дағдыларды қалыптастыру болды. Оқу барысында ОА және филиалдардың қызметкерлері тәжірибе алмасып, біздің Өндірістегі еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік бойынша бірлескен мәселелер мен мақсаттарды талқылағаны маңызды" - деп атап өтті Бас директордың орынбасары Сәкен Рахметов..

Оқытуды өткізу үшін "ҚазЭкспертПромБезопасность" оқу орталығының оқытушылары тартылды. Семинар соңында ҚжЕҚ бойынша 2022 жылға арналған жұмыс жоспары мен мақсаттары, жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу үшін жұмыс орындарындағы профилактикалық бақылауды қоса алғанда, жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша түзету іс-шаралары кешенінің қажеттілігі қаралды. Түсіндіру жұмыстары өндірістік учаскелерде де жүргізілетін болады, өйткені нәтиже көбінесе қызметкерлердің өздерінің түсінуі мен қатысуына байланысты болады. Өзіңізді қорғаңыз!

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz