Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Аудит сәтті өтті
| Жаңалықтар

Аудит сәтті өтті


Integra Construction KZ -да сапа және денсаулықты қорғау, еңбекпен экологиялық қауіпсіздіктер жүйелері бойынша менеджменттің халықаралық стандарттарына сәйкестендірілген кезекті қадағалау аудиті өтті.

 Аудит 22-29 сәуір аралығында Орталық аппаратта (Нұр-сұлтан қ.), және «Солтүстік дирекция» (Қостанай қ.), Жүк көтергіш крандарды жөндеу басқармасымен (Павлодар қ.) біріге өткізілді. Тексеру саласы компанияның барлық басқару деңгейлеріндегі құзыреттерін, сондай-ақ жобалар бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтыды. Аудиторлар Қостанай жол бөлімшесінің «Қойбағар - Құсмұрын» учаскесіндегі технологиялық «толазкеске» барып, 1,5 км теміржол жолын күрделі жөндеу процесін бақылады.

Қорытынды бойынша компанияның күшті жақтары жоспарлау, жөндеу және құрылысты іске асыру, бизнес-процестерді жақсарту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, бақылау іс-шаралары, инфрақұрылымды басқару, экологиялық қауіпсіздік процестері болып белгіленді.

Келесі аудит 2023 жылы өтеді. Компанияның Қазақстан аумағында және шетелде жобаларға қатысуға мүмкіндік беретін ІЅО 9001, ІЅО 14001 және ІЅО 45001 халықаралық үлгідегі сертификаттары бар екенін атап өтеміз. Бұдан әрі сертификаттау саласын кеңейту, сондай-ақ компанияның барлық филиалдарын сертификаттау және қадағалау аудиттерімен қамту жоспарлануда.

Барлық қатысушыларға, сондай-ақ қадағалау органы Astraia certification s.r.o. (Словакия) керемет жұмысы үшін алғыс айтамыз. Өйткені, Құзыретті тексеру-бұл кәсіпорынның әлеуетін бағалау және жақсарту бойынша ұсыныстар алу мүмкіндігі.

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz