Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Алматыда бөгет құрылысы жалғасуда
| Жаңалықтар

Алматыда бөгет құрылысы жалғасуда


InCon KZ компаниясы Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы ағысында Аюсай өзенінің сағасынан төмен қарай сел ұстайтын бөгетінің құрылысын қарқынды жалғастыруда

Жоба қолданыстағы сел қоймасының қызмет ету мерзімін ұзарту аясында сел қауіпті аймақта салынып жатқан бөгеттің астында орналасқан адамдарды және объектілерді инженерлік қорғау мақсатында жүзеге асырылуда.

«Сел ұстайтын бөгеттің қорғалатын аумағы ұлттық парктің бір бөлігі болып табылады. Мұнда Алматы су электр станциялары каскады нысандары, «Алматы – Алма-Арасан» санаторийі» тас жолы, тұрғын үйлер, сондай-ақ оңтүстік астана тұрғ ындары мен қонақтарына арналған демалыс орындары бар. Жазда сел қауіпті аймақта бір уақытта бес мыңнан астам адам болуы мүмкін, сондықтан бұл жобаның маңызы зор», - дейді жоба жетекшісі Мәди Кобжанов.

Нысанда жұмыс басталғалы бері сол жағалауға топырақ бөгет салынып, оның қаңқасы күшейтіліп, учаскелері бетондалып, су өткізгіш құбырлар орнатылып, электр желілері қайта жаңғыртылды. Жұмыс жалғасуда.

Суретті түсірген: М.Қобжанов

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz