Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Жоспар 100% орындалды
| Жаңалықтар

Жоспар 100% орындалды


Биылғы жол жұмыстары маусымында InCon KZ командасымен 302,3 шақырым жерге рельсті-шпалды торлар төселді. Филиалдарымыздың еңбегінін арқасында нәтижеге қол жеткіздік

Ең көп жөндеу жұмыстары Алматы және Қарағанды ​​жол тармақтарында жүргізілді. Оңтүстік дирекциясы 148,6 шақырым жолды жаңартты. 75,9 шақырым темір жолды күрделі жөндеуді Қостанай жол бөлімшесі бойынша Солтүстік дирекциясы жүргізді. Қазақстанның солтүстік аумағына тән ауа-райы жағдайына байланысты жұмыс қиындады, бірақ олар тапсырманы орындады!

Батыс дирекциясы 77,8 шақырым жолды қалпына келтірді. Жолдың Қызылорда, Маңғыстау, Атырау бөлімшелерінде жұмыс істедік. Биылғы жаздың қалыпты ыстығы жол бригадаларына кедергі келтірді. Өндіріс қызметкерлері де беріспей, жоспарды орындады.

Жөнделген учаскелерде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығы арттырылып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, бұның барлығы филиалдарымыздың қызметкерлерінін арқасында.

Маусымға қатысушылардың барлығына: басшыларға, өндірістік және қосалқы персоналға алғысымызды білдіреміз! 2022 жылы жаңа аумақтарда кездескенше!

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz