Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Жетілдірудің шегі жоқ
| Жаңалықтар

Жетілдірудің шегі жоқ


«Integra Construction KZ» ЖШС-сі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес сапа (ISO 9001), қоршаған ортаны қорғау (ISO 14001), сондай-ақ денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі (ISO 45001) менеджментті жақсарту және жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Маусым айының соңында Оңтүстік дирекцияда ішкі аудит жүргізілді. «Жарық» жол машина станциясына, сондай-ақ Қарағанды жол бөлімшесінің «Жарық-Разъезд17» учаскесінде т/ж күрделі жөндеу бойынша технологиялық «толазкесіне» болдық. Мониторинг соңында ішкі аудиторлар Оңтүстік дирекцияның бас кеңсесіне барды.

«Өндірісті басқару және жұмысты ұйымдастыру жақсы деңгейде көрсетілген. Атқарушы директор Қазыбек Тұржановтың шаруашылық және басқарушылық ұстанымы айқын. Командалық жұмыс қойылған, ұжым Құзыретті, одан әрі даму үшін бастамаларды қолдайды. Әрине, жұмыс тәртібінде шешілуі қажет мәселелер бар. Жалпы, филиалды халықаралық сертификаттау үшін ұсынамыз», - деді серіктестіктің әкімшілік және кадр мәселелері жөніндегі Атқарушы директоры Гүлзада Төлебаева.

Жыл соңына дейін ішкі аудиттермен компанияның барлық өндірістік филиалдарын қамту жоспарлануда, өйткені жетілдірудің шегі жоқ.

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz