VII Халықаралық New Silk Way көлік-логистика форумы аясында «Достық – Мойынты» теміржол желісінің екінші жолымен пойыз қозғалысының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты рәсімде жобаны жүзеге асыруға атсалысқан құрылысшылар марапатталды.
Іс-шараға өмірін теміржол саласының дамуына арнаған ардагерлер, Integra Construction KZ компаниясы мен қосалқы мердігер ұйымдардың өкілдері, «ҚТЖ» қызметкерлері және басқа да қонақтар қатысты.
Рәсім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей қосылу арқылы өтті. Президенттің айтуынша, «Достық – Мойынты» магистралінің құрылысы – Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды теміржол жобасы.
Оның сөзінше, жаңа желі елдің көлік жүйесін дамытуға зор серпін береді: жүк тасымалының көлемі бес есе артады, экспорттық тауарлар жылдамырақ жеткізіледі, ал Қазақстанның транзиттік әлеуеті айтарлықтай нығаяды.
Форум аясында сала ардагерлері Integra Construction KZ салған жаңа Визит-орталықта болды. Құрметті қонақтар нысанның кеңдігі мен қолайлылығына жоғары баға берді.
Integra командасын «Достық – Мойынты» теміржолының екінші жолы бойынша қозғалыстың іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!