Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Жаңа айналма жол
| Жаңалықтар

Жаңа айналма жол


Қарағандыда "Сұрыптау секторын айналма" автожолының 6,067 км құрылысы аяқталды. Нысан пайдалануға берілді

"Жол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жергілікті тұрғындар үшін нағыз сыйлық болды. Ол тұрғын үй секторын ауыр жүк көліктерінен қорғайды, қала жолдарының сақталуын қамтамасыз етеді, жүктемені азайтады, экологиялық жағдайды жақсартады", - деп атап өтті Жоба жетекшісі Сәбит Тілеуғалеев.

Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі дирекциясы жаңа жол төсемін салды, сондай-ақ асфальтталған алаң мен тротуарлар салуды қоса алғанда, абаттандырылған тұрақ салынды. Жұмыстар 2021 жылдың 24 маусымында басталды.

Біз кезекті жобаның сапалы және мерзімінде іске асырылғанына қуаныштымыз. Жарайсың, Incon KZ!

Сурет авторы: Сәбит Тілеуғалеев

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz