«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Integra Construction KZ компаниясы Қызылорда қаласындағы СПМК-70 мөлтек ауданында орналасқан 1500 орындық жаңа мектептің техникалық ашылуын өткізді.
Іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және Integra компаниясының Шымкент қаласындағы филиалының жоба жетекшісі Мағжан Оспанханов қатысты. Қонақтар жаңа мектеп ғимаратын аралап, оның материалдық-техникалық базасымен танысты.
Ғимарат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және онда жайлы пән кабинеттері, STEM-зертхана, кітапхана, екі спорт залы, шеберханалар, асхана, хореография және акт залдары, сондай-ақ ыңғайлы коворкинг аймақтары қарастырылған.
Мектеп қазіргі заман талаптарына сай салынған және сапалы білім беруге, оқушылардың жан-жақты дамуына қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті оқыту кабинеттері жабдықталған.
Жаңа мектептің ашылуы Қызылорда қаласы үшін маңызды оқиға болды. Бұл заманауи білім беру кешені оқушылардың жайлы оқуына, дамуына және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруіне барлық мүмкіндік жасап, өңірдің білім беру инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді.
Айта кетейік, жобаны жүзеге асыруды Integra компаниясының Шымкент қаласындағы филиалы қамтамасыз етті.
Фото авторы - Қызылорда облысының әкімдігі.