"Integra Construction KZ" ЖШС жарысты демеуші ретінде қолдады, себебі балалар мен жастар арасында спортты дамытуға жәрдемдесу компаниядағы өзгермейтін бағыттардың бірі болып табылады.
"Чемпионатты ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті. Қазақстан Азияның басқа елдерінен қатысушыларды лайықты қабылдады.
Қазақстандық бокс федерациясын халықаралық деңгейдегі жарыстардың тамаша өтуімен құттықтаймыз және болашақта үлкен жеңістер тілейміз " - деп атап өтті Integra Construction KZ бас директоры Данияр Рахимтаев.
Жарыс 25 сәуір мен 7 мамыр аралығында Ұлттық теннис орталығының базасында өтті.
Чемпионатқа Қазақстан, Өзбекстан, Қытай Тайбэй, Бутан, Филиппин, Сингапур, Корея, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, БАӘ, Тәжікстан, Түрікменстан, Палестина, Йемен, Ирак, Иордания, Ауғанстан, Шри-Ланка, Шығыс Тимор, Непал, Катар, Қытай және т. б. командалар қатысты.
Қазақстан командасы жалпы медальдық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орында Үндістан алға шықты.