Оған Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар мен сауда-өнеркәсіп палаталарының мүшелері қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен, мемлекет басшылары мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысатын «Орталық Азия – ҚХР» екінші саммитінің қарсаңында өтті.
«Орталық Азия – Қытай» екінші Іскерлік кеңесінің аясында, атап айтқанда, «Алатау – логистикалық және индустриялық Суперхаб» жобасы бойынша төртжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, «Alatau Middle Corridor Group» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС және China CAMC Engineering Co., Ltd. арасында қол қойылды.
Құжатта көлік байланысын нығайтуға, іскерлік инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды логистикалық және индустриялық торап құру саласындағы тараптардың өзара іс-қимылы көзделген.
«Integra Construction KZ» халықаралық бастамаларға белсене қатысып, стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға сүбелі үлес қосып келеді.