«Су тасқынының ауқымын ескере отырып, біз зардап шеккен отандастарымызға тиімді қолдау компания есебінен тұрғын үй салу болады деп шештік. Қазір біз жұмысты бастау үшін барлық қажетті дайындық іс-шараларын жүргізіп жатырмыз», - деді Integra Construction KZ Бас директоры Данияр Рахимтаев.
«Бес қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын қысқа мерзімде жедел жүзеге асырамыз, апаттан зардап шеккендер жаңа пәтерлерге жергілікті басқару органдарының таратуы бойынша қоныстанады», - деп қосты ол.
Айта кетейік, әр кезеңде материалдардың сапасы мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын компанияның басшылығы мен барлық жауапты қызметтері бақылайтын болады.