Бүгін, Түркістан қаласында - Орталық Азияда баламасы жоқ 1200 адамға арналған «Мұз сарайы» кешенінің ашылу рәсімі өтті.
«Мұз сарайы» кешенінің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тен, сондай-ақ «Integra Construction KZ» ЖШС-сы Шымкент қаласындағы филиалының директоры Батырбек Әшірбаев қатысты.
«Мұз сарайы» - Орталық Азияда теңдесі жоқ кешен, ол жалпы әлем бойынша техникалық тұрғыдан үздік жабдықталған айдындар қатарында.
Бірегей ғимараттың көрермендер залының сыйымдылығы 1200 адамды құрайды.
Нысанда Италияның HITEMA мұздатқышы, Германияның LUFT MEER вентиляциясы, Канаданың ZAMBONI мұз әзірлеу машинасы жәнеде тағыда басқа жабдықтар орнатылған. Финдік IcePro борттары технология алаңның пішінін өзгертуге мүмкіндік береді.
Мұндай заманауи жабдықталған кешенде бірден бірнеше қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік берді: хоккей, мәнерлеп сырғанау, синхронды коньки тебу және балалар шорт-трегі. Мұз айдынының ұзындығы - 60 метр, ені - 30.
Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары өз тарихында алғаш рет осы өңірде қысқы спорт түрлерімен кәсіби түрде айналыса алады.
Қаладағы ең ірі нысандардың бірінің құрылысын "Integra Construction KZ" ЖШС іске асырды, кешен құрылысы 2021 жылы басталды.
Жобаның аяқталуымен құттықтаймыз!
Фотосурет дереккөзі: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі