Салынып жатқан 4 қабатты жобаның жалпы ауданы - 1391,3 шаршы метрді құрайды.
«Біз Түркістан қаласын өркендеуіне үлкен үлес қосып келеміз десекте болады, айта кетсек осы жылы техникалық тұрғыдан үздік жабдықталған айдындар қатарындағы 1200 адамға арналған «Мұз сарайы» кешенін аяқтап тапсырдық.
Салынып жатқан мәдени нысананың құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деді «Integra Construction KZ» ЖШС-сы Шымкент қаласындағы филиалының директоры Батырбек Әшірбаев.