Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Тұрғын үй аймақтарына баратын жолдар
| Жаңалықтар

Тұрғын үй аймақтарына баратын жолдар


InCon KZ Талдықорған қаласының жаңа тұрғын үй аудандарында жол-құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Жоба биылғы жылдың наурыз айында басталды, жолдардың жалпы ұзындығы 5,5км құрайды

Бүгінгі таңда, су құбыры желілерін қорғау, байланыс желілерін қайта құру, газбен жабдықтау желілерінің қораптары орнатылып шағын жасанды құрылыстар салынды.

"Нысан 2022 жылдың қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін №1,2,3,4 негізгі жолдар бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда (олардың дайындығы 70%) және Балапанов магистралды көшесінің бір бөлігі бойынша жұмыстардын аяқтау жоспарлануда", - деп хабарлады инфрақұрылымдық жобалар Дирекциясының жер жұмыстары және жол киімі жөніндегі менеджері Тимур Жанұзақов.

Сондай-ақ объектіде аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: гранит жиектерін, борт тастарын, су ағатын құрылыстарды, ирригациялық науаларды орнату. Энергетикалық шаруашылық бойынша жұмыстар басталды (тротуарлар мен жүру бөлігін жарықтандыру).

Жобаны іске асыру Талдықорған қаласының №8, 9 жаңа шағын аудандарының болашақ тұрғындары үшін тамаша Инфрақұрылым жағдайларын жасайды.

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz