Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra Жезқазғанда орталық мешіт құрылысын жүргізуде
| Жаңалықтар

Integra Жезқазғанда орталық мешіт құрылысын жүргізуде


Жезқазған қаласында салынып жатқан орталық мешіттің құрылысы табиғи қыратта орналасқан. Бұл аумақ қаланың ең көрікті нүктелерінің бірі саналады.

Ғимараттың балкондары мен екінші қабатынан Кенгір су қоймасы мен қала көрінісіне панорамалық шолу жасауға мүмкіндік бар. Жоба тұжырымдамасы тек діни ғимарат салумен шектелмей, толыққанды рухани-мәдени орталық қалыптастыруды көздейді.

Мешіттің сыйымдылығы 3 мың адамға есептелген. Ғимараттың жалпы ауданы 3 779 шаршы метрді құрайды, ал абаттандыру аумағы шамамен 2 гектарды қамтиды. Жоба аясында мешіттің негізгі ғимараты мен биіктігі 46 метрге жететін екі мұнара салу қарастырылған.

«Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында қолданылатын материалдардың сапасына ерекше мән берілуде. Жобада премиум санаттағы материалдар пайдаланылып, бұл нысанның ұзақ мерзімді әрі сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етіп, болашақтағы қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», - деді Integra компаниясының Жезқазған қаласындағы филиалының атқарушы директоры Бақтияр Медеубаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда монолитті жұмыстар толық аяқталып, металл конструкцияларын монтаждау басталған. Сондай-ақ әрлеу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Ішкі инженерлік коммуникацияларды орнату кезеңі де аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның тапсырыс берушісі — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, ал демеуші — «Қазақмыс корпорациясы» АҚ.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz