Integra еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі Мойынты-Қызылжар теміржол құрылсы жобасын жалғастыруда.
Желі Қарағанды және Ұлытау өңірлерін қамтиды. Жалпы ұзындығы 323 шақырым. Алдағы айларда жер төсемін орнату және су өткізгіш қондырғыларын монтаждау бойынша негізгі жұмыстарды аяқтау жоспарланған.
Қазіргі таңда, 62,5 шақырымды құрайтын рельсьстік шпал торлары төселген. Атап айтқанда, 49,8 км Мойынты станциясында, ал 12,6 шақырымы Қызылжар бағытында орнатылған.
«Жоба барысында бірқатар қиындықтарға тап болдық. Мысалы күрделі рельефті аумақ, орталық Қазақстанның тосын ауа-райы және құрылыс материалдарын алыс аймақтарға жіберу сияқты логистикалық мәселелер. Аталған қиындықтарға қарамастан Integra командасы жүктелген тапсырмаларды сәтті орындауда» - деді Мойынты-Қызылжар жобасының жетекшісі Тимур Жанұзақов.
Мойынты-Қызылжар теміржол желісі стратегиялық маңызға ие жоба. Алдағы уақытта бұл жол Қытай және Каспий аймағын жақындататын дәлізге айналып, арадағы жолды 149 шақырымға қысқартады.