30 қыркүйекте мерзімінен бұрын «Достық – Мойынты» учаскесінде ұзындығы 836 шақырым екінші жолы пайдалануға берілді.
Тікелей қозғалыстың ашылуы «Қазақстан – Қытай» стратегиялық көлік коридорының дамуы үшін маңызды кезеңге айналды және темір жолдың өткізу қабілетін едәуір арттырды.
Жоба аясында «Достық» станциясында электрлік орталықтандыру (ЭО) посты мен іскерлік орталық қызметтерін біріктіретін жаңа Визит‑орталық салынды. Ғимарат 3 қабаттан тұрады, онда технологиялық бөлімдер мен халықаралық серіктестермен кездесулерге арналған келіссөз жүргізу бөлмелері орналастырылған: іс‑шараларға арналған үлкен конференц‑зал, шай рәсіміне арналған бөлме мен демалыс аймақтары орналасқан.
Орталық отандық өндірістің заманауи микропроцессорлық орталықтандыру жүйесімен жабдықталған, бұл тәулігіне 60 жұп поезд қозғалысын сенімді және қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді.
Жоба Integra Construction KZ әлеуметтік нысандар құрылысын басқару дирекциясы арқылы жүзеге асырылды.
«Біз қуаныштымыз, жаңа Визит‑орталықты ең алғаш болып теміржол саласының ардагерлері тамашалады, олар «Достық» станциясының 35 жылдығына және «Достық – Мойынты» желісінде екінші жолдың ашылуына арналған іс‑шараға келді. Визит‑орталықтың құрылысын біздің командамыздың бірлескен жұмысы арқасында ең қысқа мерзімде жүзеге асырдық», — деді әлеуметтік жобалар құрылысын басқару жөніндегі бас директордың орынбасары Мадияр Саттыбаев.
«Компанияның және мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлеріне керемет атқарылған жұмыс үшін алғысымды білдіремін», — деді ол.
Визит‑орталықтың ашылуы символдық сипатқа ие болды: дәл осы жерде 35 жыл бұрын Қазақстан мен Қытай темір жолдарының біріккен жері қалыптасқан еді, бұл халықаралық көлік ынтымақтастығына бастау болды.