Еліміздің солтүстігінеде көктем келді. Сондықтан автожолдар жобалары бойынша жұмыстар белсенді түрде басталып жатыр
Integra Construction KZ командасы облыстық маңызы бар КТ-64 «Саумалкөл - Новоишимское - Червонное» автожолының 7 км 47-54 км учаскесінде жөндеу жұмыстарын бастады. Жоба бойынша 169 мың м3 жер қазу жұмыстарын қоса алғанда, ІІІ техникалық санаттағы автожолды күрделі жөндеуден өткізуіміз керек. Өтетін жолдың ені 7 метрді құрайды.
Технологиялық жолды құру, фрезерлеу, сондай-ақ геодезиялық жұмыстар бойынша дайындық процестері басталды. Учаскеде 15 адам жұмылдырылып, арнайы техника мобилизацияланды. Сондай-ақ, құламада жоба бойынша 2х1,5м саңылауы бар 2 су өткізілетін құбырын және диаметрі 2х0.5м құбыр салу көзделген. Салынып жатқан жол бойын көгалдандыру үшін көпжылдық шөптер егіледі, бұл СҚО Айыртау ауданы жерлерінің аумағындағы бізге сеніп тапсырылған учаскеде экологияның дамуына өз үлесін қосады.
«Жобаны іске асыру Қостанай - Көкшетау қалаларының бағыты бойынша жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімін, астығын тасымалдау үшін қолайлы қозғалыс жасайды», - деп атап өтті Инфрақұрылымдық жобалар дирекциясының жоба жетекшісі Арман Есентаев.
Жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланған. Integra Construction KZ-тің жобаға қатысқан барлық қызметкерлеріне сәттілік!