Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Бас кеңсесінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шаралар жалғасын тапты.
| Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Бас кеңсесінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шаралар жалғасын тапты.


Іс-шаралар аясында «ҚТЖ» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов теміржол саласында ерекше көзге түскен қызметкерлерді, сондай-ақ еліміздің теміржолдарын салу және күрделі жөндеу жұмыстарына атсалысып жүрген мердігер ұйымдардың өкілдерін марапаттады.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қосқан зор үлесі үшін «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры Данияр Рахимтаев «Достық – Мойынты» медалімен марапатталды.

Компанияның теміржол желілерін салу жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Жәмеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл марапаттар – Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамыту ісіне үлес қосып жүрген мамандардың жоғары кәсібилігі мен жауапты еңбегінің, сондай-ақ мердігер ұйымдардың елдің көлік әлеуетін нығайтуға қосқан маңызды үлесінің айғағы болып табылады.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz