СҚО, Айыртау ауданында «Саумалкөл-Новоишимское-Червонное» автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыс инфрақұрылымдық жобалар дирекциясының басқаруымен жүзеге асырылуда, учаскенің жалпы ұзындығы 6,91 шақырымды құрайды.
Бүгінгі таңда құм-қиыршық тас қоспасынан 4 шақырым қосымша қабат төселген. Сондай-ақ, жоба бойынша негізгі жол бойынша диаметрі 1,5 м* 2м екі су өткізгіш құбыр және ауыспалы жолда бір құбыр салу көзделген.
Жаңа учаске жергілікті тұрғындарды және транзиттік көлікті Саумалкөл кентінен Новоишимское кентіне дейін қауіпсіз өтумен қамтамасыз етеді.