Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra компаниясының қызметкерлері Республика күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды
| Жаңалықтар

Integra компаниясының қызметкерлері Республика күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды


Республика күні қарсаңында Астанада «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бас кеңсесінде теміржол саласы қызметкерлеріне мемлекеттік және салалық наградаларды табыстау салтанаты өтті.

Марапаттарды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Торегельдин мен Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Марат Шәкенов табыстап, сала мамандарының жоғары кәсібилігі мен еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруда стратегиялық маңызы бар «Достық – Мойынты» учаскесінде ұзындығы 836 шақырым болатын екінші жолдарды салу жобасын жүзеге асыруға сіңірген еңбегі үшін Integra Construction KZ компаниясының қызметкерлері ерекше марапатқа ие болды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
• Нұрлыбек Жәмеков - «Integra Construction KZ» ЖШС теміржол желілерін салу жөніндегі басқарушы директоры;
• Нұрлыбек Бекжанов - «Достық – Мойынты» екінші жолдарын салу дирекциясының атқарушы директоры;
• Азамат Оспанов - «Дарбаза – Өзбекстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желісін салу дирекциясының атқарушы директоры;
• Елжас Алдаберлыұлы - «Достық – Мойынты» екінші жолдарын салу дирекциясы атқарушы директорының бірінші орынбасары;
• Өміржан Тәжимбетов - 1-санатты жол шебері, Оңтүстік дирекция;
• Нұрбек Иманов - ДТ-75 тракторының машинисі, Оңтүстік дирекция;
• Серік Сисабаев - ВПО-3000 машинисі, Оңтүстік дирекция;
• Сағдат Беркенов - 1-санатты жол шебері, Солтүстік дирекция;
• Андрей Рыбалко - 1-санатты шебер, Солтүстік дирекция;
• Дүйсенбай Баймағамбетов - жол монтері, Солтүстік дирекция.

Integra Construction KZ компаниясында жобаның табысты жүзеге асуы барлық мамандар мен мердігер ұйымдардың бірлескен еңбегінің нәтижесі екені атап өтілді.

Құрылысқа қатысқан әрбір маман ортақ мақсатқа жетуге айрықша үлес қосты.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz