Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Ақмола және Қызылорда облыстарында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда
| Жаңалықтар

Ақмола және Қызылорда облыстарында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда


Солтүстік дирекцияның екінші жол салу колоннасы Ақмола жол бөлімшесіне қарасты «Васильковка» (соның ішінде I-негізгі жол) учаскесінде жұмыстарға кірісті. Бұл бөлімшеде 40 шақырым жолды жаңарту жоспарланған.

25 маусымда аталған учаскеде 72 сағаттық толаскез басталып, сол уақыт аралығында 2,21 км станциялық жол төселді.

Сол уақытта Батыс дирекцияның екінші жол салу колоннасы Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты «Каракеткен – Қараиірім разъезі» учаскесінде жұмыстарды бастады. Мұнда 5,6 км жолды сауықтыру жоспарланған.

25 маусымда 6 сағаттық толаскез барысында 1 км жол жаңартылып, топырақты тұрақтандыру мақсатында геотекстиль жамылғысы бар геомат және экструдалған геотор арматурасы төселді.

Жұмыстар Қазақстан темір жолдарында күрделі жөндеу аясында, нақты кесте, жоғары деңгейдегі үйлестіру және сапаны бақылау арқылы жүзеге асырылуда.

Жобаны Integra Construction KZ компаниясы салалық стандарттарға сәйкес іске асырып жатыр және ол еліміздің теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған.

© 2009-2025 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz