Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Астана қаласындағы №2 кәріз-тазарту қондырғыларын салу жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
| Жаңалықтар

Астана қаласындағы №2 кәріз-тазарту қондырғыларын салу жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды


Бүгін Қазақстандық Integra Construction KZ компаниясы мен Қытайдың "BEWG OVERSEA DEVELOPMENT LIMITED" компаниясы арасында Астана қаласындағы №2 кәріз-тазарту қондырғыларын салу жобасын жүзеге асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімде жобаны дайындау, жобалау және жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жұмыс, сондай-ақ инженерлік жабдықтар мен басқару жүйелерін пайдалануға мамандарды оқыту мәселелері қарастырылған.

Тараптар жобаны жүзеге асыру барысында өзара тәжірибе алмасу және заманауи техникалық шешімдерді қолдану жөнінде келісімге келді.

Тазарту қондырғыларын салу 2025 жылдан 2028 жылға дейін жоспарланған. Бас мердігер болып Integra Construction KZ компаниясы бекітілген.

© 2009-2025 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz