«Integra Construction KZ» ЖШС өткен жылы дың күзде Түркістанда «Достық үйі» ғимаратының құрылысын бастады. Жобаны іске асыру бірнеше кезеңмен жүзеге асырылуда: ғимараттың жер асты және жер үсті бөлігін салу, сыртқы және ішкі әрлеу, сыртқы инженерлік желілер, аумақты абаттандыру.
«Бүгінгі таңда негізгі ғимарат пен қосалқы құрылыстардың барлық бетон жұмыстары аяқталды, сыртқы инженерлік коммуникациялар және электр ток желісімен кабельдік сымдар жүргізілді», - деді «Integra Construction KZ» ЖШС-сы Шымкент қаласындағы филиалының директоры Батырбек Әшірбаев.
«Сондай-ақ дайын едендерді төсеу, кірпіштерді қалау, қара жұмыстарды аяқтау, негізгі ғимараттың қасбеті бағаналарының металл конструкциясын дайындау және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысанды тапсыру 2024 жылдың соңына дейін жоспарланған. Болашақта «Достық үйі» ғимараты Түркістанның көрікті жерлерінің біріне айналатынына сенімдімін», - деді ол.
Атап айтқанда, нысан қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның этникалық топтарының дәстүрлерін, тілдерін, мәдениеттерін және жалпыұлттық бірлікті сақтауға бағытталған салтанатты қабылдаулар өткізуге арналған.