Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
| Жаңалықтар

Өнеркәсіптік қауіпсіздік


Павлодарда Integra Construction KZ қызметкерлері үшін жүк көтергіш крандарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Семинар өтті.

Үш күндік оқытудың теориялық бөлігі "ERG Сервистік орталығы" ЖШС-нің оқу орталығы сарапшыларымен, Инновациялық Еуразия университеті оқытушыларының қатысуымен өтті.

Семинардың соңғы кезеңі Солтүстік дирекцияның жүк көтергіш крандарды жөндеу басқармасы (ЖКЖБ) базасында ұйымдастырылды. Қатысушылар крандарды жөндеу, дөңгелектерді балқыту, алынбалы жүк қармауыш құрылғыларды, дәнекерлеу учаскесін дайындау, сондай-ақ цехтарды жарақтандыру және техникалық диагностика зертханасының жабдықтарымен танысты. ЖКЖБ қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Жеке блок қызметкерлердін жағдайы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелерін қамтыды.

Айта кетейік, семинарға Орталық аппараттан, Солтүстік, Батыс және Оңтүстік дирекциялардан 13 қызметкер қатысты. Олар жөндеу жұмыстарын жоспарлаумен байланысты, жүк көтергіш крандарды қадағалауға және олардың дұрыс жұмыс істеуіне жауапты басшылар мен мамандар.

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz