Бас мердігері Integra Construction KZ компаниясы болып табылатын жаңа «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылысында маңызды кезеңдердің бірі – рельс-шпал торын (РШР) төсеу жұмыстары басталды.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес, 13 мердігер ұйымның қатысуымен жүргізілуде. Биылғы мамыр айынан бері жер төсемінің 85 пайыздан астам бөлігі орындалды.
Құрылыс нысанының жалпы ұзындығы – 323 шақырым.
Бүгінгі таңда рельс-шпал торының алғашқы километрі төселіп, алдағы уақытта жол төсеу жұмыстары учаскенің толық ұзындығы бойынша үздіксіз жалғасатын болады.
Жол төсеу жұмыстары «Оңтүстік дирекциясы» филиалы тарапынан арнайы техника мен мамандарды тарта отырып жүзеге асырылуда.
28 қазан күні Қызылжар станциясы маңында бұрма тетігі орнатылып, құрылыс аумағында әрі қарай жол төсеу жұмыстарының жалғасуына мүмкіндік туды. «Мойынты – Қызылжар» жобасы Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық маңызға ие — ол өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтып, ұлттық инфрақұрылымның дамуына үлес қосады.
Жол төсеу жұмыстарының басталуымен жобалық команданы және барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Сәттілік пен табысты еңбек тілейміз!