Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Алматыны айналып өтетін теміржолда басты жолдарды төсеу аяқталды
| Жаңалықтар

Алматыны айналып өтетін теміржолда басты жолдарды төсеу аяқталды


Бүгін «Сорбұлақ — Мойынқұм» бекетінің 31-шақырымында түйістіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл — жобаның маңызды кезеңінің аяқталғанын білдіреді. Жалпы ұзындығы 75 шақырым болатын рельс-шпал торы төселді.

«Құрылыс 2024 жылғы наурызда басталды және рекордтық қысқа мерзімде – 20 айдан аз уақытта жүргізілуде. Алматыны айналып өтетін теміржолдың жалпы ұзындығы 125 шақырымды құрайды. Оның ішінде 75 шақырымы – басты жолдар, 50 шақырымы – станциялық жолдар. Сонымен қатар, көпірлер мен жол өтпелері де қарастырылған», – деді жобаның жетекшісі Жігер Анафия.

Жаңа теміржол желісі көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады: ол Алматы көлік торабындағы жүктемені 40%-ға дейін азайтады, жүктерді жеткізу уақытын 1,5–2 тәулікке қысқартады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады.

Жобаның бас мердігері – «Integra Construction KZ» ЖШС. Жолдың жоғарғы құрылымын орнату жұмыстарын компанияның.

Оңтүстік дирекциясы жүзеге асыруда. Басты жолдарды төсеу жұмыстарының сәтті аяқталуымен – жаңа теміржол желісін пайдалануға беру жолындағы маңызды кезеңмен – барлық жоба қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз! 

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz