Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Алматыны айналып өтетін теміржол құрылысындағы балласт қабатын төсеу жұмыстары
| Жаңалықтар

Алматыны айналып өтетін теміржол құрылысындағы балласт қабатын төсеу жұмыстары


Алматыны айналып өтетін теміржол құрылыс жобасы аясында Қазыбек Бек - Сорбұлақ учаскесінде балласт қабатын төсеу жұмыстары жалғасуда. Құм-қиыршық тас қоспасы 35 хоппер-дозатор вагоны арқылы жеткізілуде.

Бүгінгі таңда жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша:
- жер төсемінің 92%-ы аяқталды;
- 56 су өткізгіш құбырлардан 53-і орнатылды;
- 19 көпір мен жол өткелінің 18-і бойынша жұмыс жүріп жатыр, оның екеуінде өткел қондырғылары орнатылып, тіректер қойылуда;
- 16,7 км рельс-шпал торы төселді (Жетіген станциясынан - 6,4 км, Қазыбек Бек станциясынан - 10,3 км);

Құрылысқа 260 техника және 442 маман жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, «Алматы айналма жолы» жобасы аясында ұзындығы 130 км теміржол салу көзделген, оның ішінде 75 км - негізгі жолдар, 55 км - станциялық жолдар. Сонымен қатар, үш айрық станция (Сорбұлақ, Мойынқұм, Жаңа Арқа) мен 13 көпір (оның ішінде 5 теміржол және 1 автокөлік өткелі) салу жоспарланған.

© 2009-2025 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz