«Жетіген» станциясында алғашқы 600 метр рельсшпальдық тор төселіп, жобаның жаңа кезеңі басталғанын атап өтті.
«Теміржол құрылысы биыл наурыз айында басталды. Осы уақыт ішінде 80% жер төсемі құрылды, 49% рельсшпальдық тор төселді. Енді біз Оңтүстік дирекциясының бригадаларының күштерімен жол төсеу жұмыстарын бастадық», — дейді жоба жетекшісі Жігер Анафия.
«Жалпы, бізге 125 шақырым жаңа теміржол салу қажет. Бұл — 75 км негізгі және 50 км станциялық жолдар. Сонымен қатар, көпірлер мен жолайрықтар да салынады. Қазір бұл жерде 600-ден астам адам мен 245 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр», — деп қосты ол.
Жобаның жалпы мердігері — «Integra Construction KZ» ЖШС, құрылыс жұмыстарының жоғары қарқынын қамтамасыз етеді.
Жаңа жол өңірдің көлік желісін дамытуға маңызды үлес қосады.
Қазақстанның ең ірі мегаполисі Алматы жаңа теміржол сызығының арқасында көлік торабына түсетін жүктемені 40%-ға азайтып, тауарлар жеткізу уақытын 1-2 күнге қысқартуға мүмкіндік береді.