Жетіген станциясында пойыздар қозғалысын жаңа теміржол жолына ауыстыру үшін технологиялық «толаскезі» өткізілді.
Жұмыстар Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасы аясында Integra компаниясының Оңтүстік дирекция командасы жүзеге асырды.
Жобада әрқайсысы 8 сағаттан тұратын екі технологиялық «толаскезі» қарастырылған. Алғашқы «толаскез» 17 қаңтарда, екіншісі 19 қаңтарда өтті.
Осы кезеңде компания мамандары қолданыстағы жолдан жаңа жолға 24-ші және 22-ші бағыттамаларды ауыстыру жұмыстарын жүргізді.
Технологиялық «толаскезі» қорытындысы бойынша пойыздар қозғалысы жаңа жол арқылы жүзеге асатын болады.