Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Достык станциясында отандық микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі МПЦ-QZ сәтті енгізілді.
| Жаңалықтар

Достык станциясында отандық микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі МПЦ-QZ сәтті енгізілді.


Бұл Қазақстанда алғашқы отандық әзірлеме болып табылады.

МПЦ-QZ – стрелкалар мен сигналдарды микропроцессорлық орталықтандыру, автоматты блоктау және локомотивтік сигнализация, теміржол өткелдері сигнализациясы, диспетчерлік орталықтандырудың желілік пункті және жартылай автоматты блокировка жүйелерін интеграциялау.

«Жаңа жүйеге СЦБ және байланыс құрылғыларын қосу теміржол автоматикасы мен телемеханикасында қауіпсіздікті бірнеше есе арттырды және қозғалысты басқаруды жеңілдетті. Бұл жоба үшін маңызды кезең», - дейді «Достык-Мойынты» екінші жолды салу дирекциясының бірінші орынбасары Елжас Алдаберлыұлы.

«МПЦ-QZ жүйесі адам факторының қателіктерін минимизациялауға бағытталған және объектінің санатына қарай құрамдас бөліктерді толық резервтеуді қолдануға немесе қолданбауға мүмкіндік береді. Бұл жүйенің сенімді жұмысын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тіпті жеке техникалық құралдардың істен шығу кезінде де», - деп қосты ол.

Айта кетейік, МПЦ-QZ жүйесін қосу, тестілеу және іске қосу жұмыстары қазан айының соңында ТОО «Integra Construction KZ», ТОО «Qaz Rail Automatic» әзірлеушілері және ТОО «AВA Automatic» мердігер ұйымы мамандарының қатысуымен жүргізілді.

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz