Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Мемлекет басшысы Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді.
| Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді.


Президентке зауытта жаңа буын локомотивін құрастыру жобасы қолға алынғаны туралы баяндалды. Оның өзіндік құны бұрынғы нұсқасымен салыстырғанда 40 пайызға төмен, ал тиімділігі 20 пайызға жоғары. Жаңа жүк электровоздарының өндірісі 2028 жылдан бастап іске қосылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сонымен қатар теміржол кластерінің отандық өндірушілерінің өнімдері таныстырылды.

Integra Construction KZ компаниясын кездесуде Муталип Шахмурат таныстырды.

Ол Мемлекет басшысына «Достық – Мойынты» екінші жолдарының 836 шақырым, «Дарбаза – Мақтаарал» 152 шақырым және Алматыны айналып өтетін 125 шақырым теміржол құрылысындағы ірі жобаларды іске асыруда отандық өндірушілердің үлесі 85%-дан 100%-ға дейін екенін баяндады.

Бұл рельс, шпал, бағыттамалы бұрмалардың, рельстік бекітпелердің өндірісі, көпірлердің құрылысы, энергетикалық жабдықтар мен теміржол автоматикасы. Бүгінгі таңда барлық кәсіпорындар 100% жұмысқа қамтылған.

Сонымен қатар, «Достық-Мойынты» учаскесіндегі екінші жолдарды салу жобасы жобалық кестеден озып, негізгі жолдар толықтай төселген. Бірінші тоқсанда техникалық жүріс басталып, іске қосу-жөндеу жұмыстары жазға дейін аяқталады.

Қазақстанда жаңа инфрақұрылымдық жобалардың арқасында күрделі көпір конструкцияларын жобалау бойынша құзыреттер артты. Бұл ұзындығы 480 метрге дейінгі 150 көпір.

Барлық теміржол құрылысы жобалары отандық жобалаушылардың, инженерлердің және құрылысшылардың күшімен жүзеге асырылуда.

Фото дереккөзі: akorda.kz

© 2009-2025 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz