Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
2022 жылдың үздік филиалы
| Жаңалықтар

2022 жылдың үздік филиалы


2022 жылдың соңында қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша көш бастап тұрған Integra Construction KZ филиалдары анықталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі Астанада өтті, оған филиалдардың бірінші басшылары шақырылды. Үміткерлерге сертификаттар табыс етілді. Ал жалпы есептегі қорытынды бойынша «Үздік өндірістік филиал» және компания тарихында алғаш рет «Үздік инженерлік сала» анықталды. Жеңімпаздар құрмет туларымен марапатталды.

Өндірістік салалардың арасында Оңтүстік, Солтүстік және Батыс дирекциялары бағаланды. Үздік көрсеткіштер бойынша номинациялар келесідей бөлінді:

  • «Өндірістік көрсеткіштер» - Солтүстік дирекция
  • «Экономикалық көрсеткіштер» - Солтүстік дирекция
  • «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік көрсеткіштері» - Солтүстік дирекция
  • «Механизациялау көрсеткіштері» - Солтүстік дирекция
  • «Ұсыныс көрсеткіштері» - Батыс дирекциясы
  • «Адам ресурстарының көрсеткіштері» - Батыс дирекциясы
  • «Ақпараттық технологиялар көрсеткіштері» – Оңтүстік дирекция
  • «Қауіпсіздік көрсеткіштері» - Солтүстік дирекция
  • «Құқықтық мәселелер бойынша көрсеткіштер» - Оңтүстік дирекция

2022 жылдың үздік өндірістік филиалы - Солтүстік дирекция.

Инжинирингтік филиалдар арасында: инфрақұрылымдық жобалар дирекциясы, жобаларды іске асыру дирекциясы және Шымкент қаласындағы филиал бағаланды. 

Номинациялар бойынша көшбасшылар:

  • «Экономикалық көрсеткіштер» - Инфрақұрылымдық жобалар дирекциясы және жобаларды іске асыру дирекциясы
  • «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік көрсеткіштері» - Жобаны іске асыру дирекциясы
  • «Адам ресурстарының көрсеткіштері» - Инфрақұрылымдық жобалар дирекциясы
  • «Құқықтық мәселелер бойынша көрсеткіштер» - Инфрақұрылымдық жобалар дирекциясы
  • «Қауіпсіздік көрсеткіштері» - Инфрақұрылымдық жобалар дирекциясы

Үздік инженерлік сала 2022 - Инфрақұрылымдық жобалар дирекциясы.

Ұжымдарды құттықтаймыз және жаңа 2023 жылы табыс тілейміз!

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz