Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Кесте бойынша жүріп келеміз
| Жаңалықтар

Кесте бойынша жүріп келеміз


Биылғы жылы Integra Construction KZ инфрақұрылымдық жобалар дирекциясының командасы Солтүстік Қазақстан облысындағы 47-54 шақырымдағы "Саумалкөл - Новоишимское - Червонное" КТ-64 облыстық маңызы бар автожолын күрделі жөндеуге кірісті.

"Жұмыстар кесте бойынша орындалуда. Жер төсемінің үйіндісіне 119,3 мың м3 топырақ әкелінді, бұл жобалық көлемнің 80% - ын құрайды. Іргетастарды екі су өткізгіш құбырларға құю жүргізіледі, жоспарлы көлемнің 50% орындалды. Содан кейін құбырларды монтаждаймыз" - деді жоба жетекшісі Арман Есентаев.

Жол жамылғысының құрылысы үшін құм-қиыршықтас қоспасын дайындау жұмыстары қатар жүргізілуде. Жобалық 6,91 км-ден 1,4 км қосымша негіз қабаты орындалды. 2022 жылғы жоспарлы жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 2023 жылы жол жабынын орнату, қиылысу және жанасу, сондай-ақ жолды жайластыру және орнату жоспарланған.

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz