2023 жылғы жойқын жер сілкіністерінен кейін Қазақстан тарапынан Түркия халқына көрсетіліп жатқан көмек аясында Нурдагы қаласында мектеп құрылысы жалғасуда. Бұл жоба мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен өзара қолдаудың символы болып табылады.
Білім беру кешені 960 орынға есептелген, оның ішінде 32 бастауыш сынып және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған.
Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Бүгінгі таңда бетон қаңқасы тұрғызылып, қабырғалар мен ішкі бөлімдер қаланды. Сонымен қатар, фасад жұмыстары мен ішкі инженерлік желілерді орнату жалғасуда.
Құрылыстың келесі кезеңіне дайындық шеңберінде ғимараттың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қажетті жабдықтарға тапсырыстар берілді.
Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Жоба «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Техникалық қадағалауды «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жүзеге асырады.
Бас мердігер — инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды жүзеге асыруда өзін жақсы қырынан көрсеткен Integra Construction KZ компаниясы.