Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Көкшетауда жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері табысталды.
| Жаңалықтар

Көкшетауда жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері табысталды.


Бүгін Көкшетау қаласында Integra Construction KZ компаниясы салған жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындарына салтанатты түрде пәтер кілттері табысталды.

Вернадский мен Ашимов көшелерінің қиылысында орналасқан бұл кешен дамыған инфрақұрылымы мен ыңғайлы көлік қатынасы бар ауданда салынған.

«СПК Kokshe» АҚ қолдауымен жүзеге асқан тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында 41 отбасы баспаналы болды. Жоба компанияның «Әкімшілік ғимараттардың құрылысын басқару дирекциясы» филиалы арқылы іске асырылды.

Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Integra Construction KZ атынан:

• Рахимтаев Данияр Сансызбайұлы, Бас директор;
• Қайролла Әлібек Талғатұлы, Стратегиялық жобалар жөніндегі бас директордың орынбасары қатысты.

Жаңа қоныс иелері қуаныштарымен бөлісіп, көршілерімен танысып, аулада би биледі. Бұл сәт көптеген отбасылар үшін көптен күткен маңызды оқиға болды

© 2009-2025 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz