Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra компаниясы Солтүстік Қазақстан өңірінде теміржол төсеу жұмыстарын толық көлемде аяқтады.
| Жаңалықтар

Integra компаниясы Солтүстік Қазақстан өңірінде теміржол төсеу жұмыстарын толық көлемде аяқтады.


Солтүстік дирекциясы жоспарға сәйкес 97,2 шақырым жолды жаңартты.

Атап айтқанда:

• Бірінші Целинная станциясы - Жаңаесіл - 3,5 шақырым;

• Қарағай - Васильковка - 34,2 шақырым;

• Васильковка (соның ішінде I басты жол) - 2,2 шақырым;

• Челгашы - Жанысбай - 8,1 шақырым;

• Шоққарағай – Құншаш разъезі - 12,7 шақырым;

• Құншаш разъезі (соның ішінде I басты жол) - Қарағалинка (соның ішінде I негізгі жол) - 36,3 шақырым.

«Біздің дирекция ұжымы алдына жол төсеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтау міндеті қойылды. Бұл міндет ойдағыдай орындалды. Челгашы - Жанысбай (8,1 шақырым) учаскесіндегі соңғы шақырымда жоспарға сәйкес төселді. Бұл - әрбір қызметкердің кәсібилігі, тәртібі мен өз ісіне адалдығының нәтижесі. Жауапкершілікпен қарағандарын, жоғары деңгейдегі еңбектерін ерекше атап өтіп, осы үдерісте атсалысқан барлық жандарға алғыс айтқым келеді. 2025 жылы теміржолдарды күрделі жөндеу аясында жол төсеу жұмыстарының аяқталуы - бірлескен күш-жігеріміздің лайықты нәтижесі», - деді Солтүстік дирекциясының атқарушы директоры Ақан Қожбанов.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz