Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra компаниясы «Munar Tau» тұрғын үй кешенін салуды жалғастыруда
| Жаңалықтар

Integra компаниясы «Munar Tau» тұрғын үй кешенін салуды жалғастыруда


Құрылыс алаңында монолиттік жұмыстар, қабырғаларды қалау, сырлау, еденді құю, терезелерді орнату және инженерлік жүйелер тартылуда. Жақын арада үй іштерін әрлеу жұмыстары басталады.

Үшінші кезек ғимараттары пайдалануға берілуге дайын, техникалық құжаттар рәсімделу үстінде. «Бұрынғы кезеңдердегі тәжірибені ескере отырып, құрылыс сапасын арттыруға және оның сенімділігін қамтамасыз етуге бар күшімізді салудамыз», - дейді учаске басшысы Сабыр Утелов.

Объектідегі жұмыстарға 70-тен астам маман және 8 инженерлік-техникалық қызметкер қатысып, 5 техника бірлігі жұмылдырылған. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру жоспарланған: балалар және спорт алаңдары, 61 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған.
Құрылыс 2026 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz