Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra компаниясы ТермоSPA кешенінің құрылысын жүзеге асыруды жалғастыруда
| Жаңалықтар

Integra компаниясы ТермоSPA кешенінің құрылысын жүзеге асыруды жалғастыруда


 

Қазіргі таңда нысанда монолитті темірбетон конструкцияларын тұрғызу кезеңі жүргізілуде. Ғимараттың қаңқасын қалыптастыру, сондай-ақ бассейн тостағандарын жасау жұмыстары атқарылып жатыр. Құрылыс алаңында қалып орнату, арматуралау және бағандар мен қабырғаларды бетондау жұмыстары қатар жүргізілуде. Сонымен бірге сыртқы инженерлік желілер тартылуда.

Бүгінде сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, желдету және кондиционерлеу жүйелерін орнату жұмыстары жүзеге асырылуда. Жобада бассейндер, сауналар, бу бөлмелері және ылғалдылығы мен температурасы жоғары өзге де аймақтар қарастырылған. Сонымен қатар іргетасқа, ғимараттың жерасты бөлігіне және бассейн тостағандарына гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Жоба жетекшісі Рауан Сейдәзімнің айтуынша, құрылыс барысында монолитті темірбетон конструкциялары, заманауи гидрооқшаулағыш және жылу сақтағыш материалдар қолданылуда. Бұл шешімдер жылу жоғалуын азайтуға мүмкіндік береді. Ал бассейн тостағандары үшін ылғалға, химиялық әсерлерге және температура ауытқуларына төзімді арнайы материалдар пайдаланылуда.

Сондай-ақ оның айтуынша, нысанда өндірістік-техникалық бөлім мамандары, учаске басшылары және басқа да қызметкерлерден құралған инженерлік-техникалық персонал жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, монолитті құрылымдарды тұрғызу және сыртқы су мен кәріз желілерін жүргізу үшін мердігер ұйымдар тартылған.

Бұған дейін қазаншұңқыр қазу, бетон негізін дайындау, іргетас плитасын құю және цоколь қабатының конструкцияларын тұрғызу жұмыстары толық аяқталған. Алдағы уақытта цоколь қабатының үстіне жабын орнату, гидрооқшаулау жұмыстарын жалғастыру және бассейндер мен инженерлік желілерді салу жоспарланып отыр.

Жобаны Integra компаниясының Алматы қаласындағы филиалы жүзеге асыруда.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz