Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra компаниясы Семей қаласында автокөлік көпірінің құрылысын жалғастыруда
| Жаңалықтар

Integra компаниясы Семей қаласында автокөлік көпірінің құрылысын жалғастыруда


Integra компаниясы Семей қаласында жаңа көпір құрылысын жалғастырып жатыр. Бұл жоба қаладағы көлік кептелісі мәселесін шешуге, сондай-ақ қолданыстағы көпірдің жүктемесін азайтуға бағытталған. Нәтижесінде қаланың оң және сол жағалаулары арасындағы көлік қатынасы едәуір жақсарады.

Жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 1350 метр болатын көпір салынады, оның ішінде негізгі бөлігінің ұзындығы 810 метрді құрайды. Көпір құрылымы 9 тіректен және 8 аралықтан тұрады, ал ені 23 метр болады.

Қазіргі таңда 9 тіректің 8-і тұрғызылып, жоспарланған 8625 тоннаның 3695 тоннасы болатын аралық құрылымдары орнатылған.

Бүгінде №4 тірек үшін бұрғылап құйылатын қадаларды орнату жұмыстары, сондай-ақ аралық құрылымдарды құрастыру, монтаждау және ілгерілете орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа көпір көлік қозғалысын жылдам әрі еркін етіп, жол қауіпсіздігін арттырады және қолданыстағы көпірге түсетін жүктемені азайтады.

Жобаның тапсырыс берушісі — Абай облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz