Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra Астанада 280 орындық заманауи балабақшаның құрылысын қарқынды жалғастыруда
| Жаңалықтар

Integra Астанада 280 орындық заманауи балабақшаның құрылысын қарқынды жалғастыруда


Integra компаниясы Астанада 280 орындық балабақшаның құрылысын жалғастыруда. Нысан А. Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан.

Қазіргі таңда бетон құю жұмыстары толық аяқталды. Оның ішінде бағандар мен бассейн қабырғалары да бар. Сонымен қатар, ішкі қалқандар қаланып, ғимараттың негізгі қабырғалары бой көтерді.

Учаске басшысы Саят Кушербаевтың айтуынша, нысанда бетондау жұмыстары толық аяқталған.

Құрылыс алаңында монолитті жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ қабырға қалау, сыртқы инженерлік желілерді тарту, ішкі жүйелер мен электр желілерін орнату жұмыстары қатар жүргізілуде.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың 20 желтоқсанында басталған. Ғимарат жертөлемен қоса үш қабаттан тұрады. Жалпы ауданы 5200 шаршы метрді құрайды. Балабақшада оқу және ойын бөлмелері, бассейн, сондай-ақ дене шынықтыруға арналған залдар қарастырылған. Жоба балалардың білім алуына, дамуына және қауіпсіздігіне барлық жағдай жасауға бағытталған.

Құрылыстың тапсырыс берушісі — «Астана-20» мемлекеттік қоры.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz